Мазмұнға өту

Киелі кітаптың қысқаша мазмұны

Киелі кітаптың қысқаша мазмұны

Киелі кітап — сонау заманнан бері әлемдегі ең көп таралған әрі көптеген адамдар үшін өте құнды кітап. Бірақ сізде “көпшілікке танылған бұл кітап не жайында?” деген сұрақ болған шығар.

Ендеше, Киелі кітаптың қысқаша мазмұнын білу үшін “Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” деп аталатын кітапшаны оқысаңыз болады. Онда Киелі кітаптың басынан соңына дейін қамтылатын негізгі тақырып қандай екені түсіндіріледі. Киелі кітаптың алғашқы кітабы Мұсаның 1-жазбасындағы әлемнің қалай жаратылғаны туралы оқиғадан бастап, соңғы Аян кітабындағы тамаша болашаққа шолу жасалады. Бұған қоса, тарихта болған елеулі оқиғалардың уақыт кестесі де бар. Әдемі суреттер мен ойландырар сұрақтар да келтірілген.

Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” кітапшасын онлайн оқи аласыз.