Мазмұнға өту

Әр күнге арналған Киелі кітап үзіндісі

Әр күнге арналған Киелі кітап үзіндісі

“Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасында әрбір күнге Киелі кітаптан бір үзінді мен соған қатысты қысқаша мәтін беріледі. Бұл кітапшаны оқудың пайдасы, күніңіз Құдай Сөзінен алынған жігеріңізді қайрайтын, жақсы ойлармен басталады.

Оны күннің қай уағында оқимын десеңіз де, өзіңіз білесіз. Алайда көбісінің байқауынша, ондағы мәліметті таңертеңгі уақытта оқудың пайдасы көбірек екен. Өйткені сосын олар күні бойы сол жайында ойланып жүре алады. Отбасылы болсаңыз, күнделікті Киелі кітап үзіндісін бірге талқылап өтудің де пайдасы зор.

Әр күнге арналған Киелі кітап тармағын “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасынан” оқи аласыз. Я болмаса бұл кітапшаның бір жылға арналған толық нұсқасын, яғни баспа жүзіне ұқсайтын PDF файлын онлайн жүктеп алсаңыз болады.