Мазмұнға өту

Киелі кітап атласы

Киелі кітап атласы

“Жақсы жерге қараңдар” — Киелі кітапты жеке зерттегенде, тереңірек үңілуге көмектесетін атлас. Киелі жазбаларда көптеген жерлердің, қалалардың атаулары кездеседі. Ал “Жақсы жерге қараңдар” атласынан сол жерлерді тауып, сонда орын алған оқиғаларды көз алдыңызға елестете аласыз. Сондай-ақ жердің географиялық ерекшеліктері сол оқиғалардың барысына қалай әсер еткенін де көресіз. Осылай Киелі кітапты оқып-зерттеу одан да қызықты бола түседі.

“Жақсы жерге қараңдар” атласында Киелі кітап жазылған замандағы жерлердің түрлі-түсті карталары мен сызбалары бар. Ішіндегі диаграммалар, компьютерлік реконструкциямен жасалған бейнелер, тағы басқа материалдар ізденісіңізді жандандыра түседі.

Мәселен, осы атлас арқылы нені кеңірек түсінуге болады?

  • Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың шеккен сапарын

  • Исраил халқы Мысырдан шығып, Уәде етілген жерге дейін қандай жол жүргенін

  • Исраилдің орналасқан жері мен оның жауларының орналасқан жерін

  • Исаның қай жерлерде уағыздағанын

  • Киелі кітапта айтылған Бабыл, Грекия, Рим сияқты империялардың қол астындағы аумақтардың көлемін

Бұл атласты орыс тілінде “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасынан” тегін қолдана аласыз.