Мазмұнға өту

Неліктен Ехоба куәгерлері бұрын қызығушылық танытпаған адамдарға қайта барады?

Неліктен Ехоба куәгерлері бұрын қызығушылық танытпаған адамдарға қайта барады?

Құдайды және адамдарды жақсы көргендіктен, Ехоба куәгерлері барлық адамға, тіпті бұрын қызығушылық білдірмегендерге де Киелі кітаптағы хабарды айтуға тырысады (Матай 22:37—39). Құдайға деген сүйіспеншілік бізді Иса пайғамбардың “түбегейлі куәлік беріңдер” деген тапсырмасын орындауға талпындырады (Елшілердің істері 10:42; Жоханның 1-хаты 5:3). Сондықтан біз Құдайдың ертедегі пайғамбарлары сияқты Құдай хабарын бір емес, бірнеше рет жеткізуге күш саламыз (Еремия 25:4). Адамдарды жақсы көргендіктен, өмір сақтайтын “Патшалық жайлы ізгі хабарды” баршаға, оның ішінде алғашында қызығушылық білдірмегендерге де айтамыз (Матай 24:14).

Қызығушылық білдірген адам табылмаған үйлерге қайта барғанда, жиі қызығып жатқан адамдарды кездестіреміз. Мұның келесідей үш себебі бар:

  • Жаңа тұрғындар көшіп келуі мүмкін;

  • Үй ішіндегі басқа адам қызығуы мүмкін;

  • Адамның ойы өзгереді. Дүниедегі я өмірдегі жағдайлардан адам “Құдайды танып-білгісі келіп”, Киелі кітап хабарына құлақ түре бастауы мүмкін (Матай 5:3). Тіпті қарсы болған адамдардың өзгеруі әбден мүмкін. Кезінде елші Пауылдың жағдайында солай болған (Тімөтеге 1-хат 1:13).

Алайда біз хабарымызды қабылдауға ешкімді мәжбүрлемейміз (Петірдің 1-хаты 3:15). Өйткені Құдайға ғибадат ету — әркім өзі қабылдайтын жеке шешім (Мұсаның 5-жазбасы 30:19, 20).