Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері үйме-үй уағыздау арқылы құтқарылуға лайық болғысы келе ме?

Ехоба куәгерлері үйме-үй уағыздау арқылы құтқарылуға лайық болғысы келе ме?

Жоқ. Рас, біз үнемі үйме-үй жүріп уағыздаймыз, бірақ осы арқылы құтқарылуға лайық боламыз деген ойдан аулақпыз (Ефестіктерге 2:8). Неліктен?

Мынадай мысалды қарастырып көрейікші: бір жомарт кісі бір жерді атап, белгіленген уақытта сол жерде болғандардың бәріне бағалы сый беруді уәде етті делік. Сіз ол кісіге сенсеңіз, берген нұсқауларын бұлжытпай орындайсыз ғой. Бәлкім, бағалы сый алуға болатынын достарыңыз бен туыстарыңызға да айтатын шығарсыз. Әйтсе де берілген нұсқауларды бұлжытпай орындасаңыз да, уәде етілген сыйға лайық бола алмас едіңіз. Өйткені сыйдың аты — сый ғой.

Тап сол сияқты, Ехоба куәгерлері Құдайдың тілалғыш адамдарға мәңгі өмір беруді уәде еткеніне сенеді (Римдіктерге 6:23). Сондықтан Құдайдың уәдесінің игілігін өзгелер де көрсе екен деп, сол жөнінде жұртқа айтады. Бірақ біз уағыздау қызметі арқылы құтқарылуға лайық боламыз деп ойламаймыз (Римдіктерге 1:17; 3:28). Шындығына келгенде, Құдайдың мұндай керемет сыйына қанша қызмет етсе де, ешкім лайық бола алмайды. Өйткені “ол бізді қандай да бір әділ істеріміз үшін емес, мейірімді болғандықтан құтқарды” (Титке 3:5).