Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітапты оқу кестесі

Киелі кітапты оқу кестесі

Киелі кітап өмірімізге ең дана басшылық береді. Оны жүйелі түрде оқып, ой жүгіртіп, онда жазылғандарды өмірде қолданар болсаңыз, барлық ісіңізде “жемісті боласыз” (Ешуа 1:8; Зәбүр 1:1—3). Сондай-ақ Құдай мен оның ұлы Иса жайлы біле аласыз, ал бұл білім құтқарылуыңызға жол ашады (Жохан 17:3).

Киелі кітапты қалай оқыған дұрыс? Оның бірнеше жолы бар. Осы Киелі кітап оқу кестесін қолданып, оны мазмұнындағы ретімен немесе тақырып бойынша оқуыңызға болады. Мысалы, кейбір үзінділерден Құдайдың ежелгі Исраил халқымен қарым-қатынасы жөнінде біліп, сол тарихқа шолу жасай аласыз. Ал басқа үзінділерден І ғасырдағы мәсіхшілер қауымы қалай бастау алғаны және өскені туралы хабардар бола аласыз. Көрсетілген тарауларды күн сайын оқысаңыз, Киелі кітапты толығымен бір жылда оқып шығасыз.

Бұл кестені Киелі кітапты күнделікті оқу үшін не оны бір жылда оқып шығу үшін пайдалануға болады, сондай-ақ бұл кесте Киелі кітапты оқуды жаңадан бастағандар үшін де тиімді. Кестені жүктеп алып, Киелі кітапты оқуды бүгін бастаңыз. Қаласаңыз, кестені принтерден шығарып алсаңыз болады.