Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-САБАҚ

Киелі жазбалар өміріңізді көркейте алады

Киелі жазбалар өміріңізді көркейте алады

Өмір мен өлім, болып жатқан қайғы-қасірет пен болашақ жайлы ойланбайтын адам жоқ шығар. Бұған қоса, бізді күнкөріс қамы, отбасы берекесі сияқты күнделікті жайттар да мазалайды. Көп адам Киелі жазбалардан * (Киелі кітап деп те аталады) өмірге қатысты маңызды сұрақтарының жауабын алған. Бұл ғана емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне керекті ақыл-кеңестер де тапқан. Қалай ойлайсыз, сіздің таныс адамдарыңызға Киелі жазбалардың пайдасы тиюі мүмкін бе?

1. Киелі жазбаларда қандай сұрақтардың жауабы бар?

Киелі жазбаларда мынадай маңызды сұрақтардың жауабы бар: Тіршілік қалай пайда болды? Өмірдің мәні неде? Жазықсыз адамдар неге қиналады? Марқұмдар қандай күйде? Бәріміз бейбітшілікті қаласақ та, неге соғыстан көз ашпаймыз? Жеріміз жойылып кете ме? Біз осындай сұрақтардың жауабын іздеуден еш тартынбауымыз керек. Өйткені миллиондаған адам Киелі жазбалардан сұрақтарына көңіл толарлық жауап тапқан.

2. Киелі жазбалар күнделікті өмірімізге қалай көмектеседі?

Киелі жазбалардың ішінде жақсы ақыл-кеңестер бар. Сол кеңестер, мысалы, отбасын шын бақытты ете алады. Стресті жеңілдетуге және жұмысымызды қуанып істеуге көмек береді. Қолыңыздағы басылымды бізбен бірге қарастыра келе, осындай тақырыптар жайында Киелі жазбаларда не айтылатынын білесіз. Сонда “Киелі жазбалардың бәрі... тиімді” екеніне көз жеткізерсіз (Тімөтеге 2-хат 3:16).

Бұл басылым Киелі жазбаларды алмастырмайды. Оның мақсаты — сізді Құдай Сөзін оқып-білуге талпындыру. Сондықтан сабақтарда көрсетілген Киелі жазбалардың үзінділерін ашып, оларды біліп жатқандарыңызбен салыстыруға шақырамыз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Киелі жазбалар адамдарға қалай көмектесіп жатқанын, оны қалай қызығып оқуға болатынын және оны түсіну үшін неге біреудің көмегі қажет екенін білейік.

3. Киелі жазбалар бізге жол көрсетеді

Киелі жазбалар жарығы күшті қолшам сияқты. Ол бізге дұрыс шешімдер қабылдаудың жолын көрсетеді әрі болашақта не болатынын ашады.

Зәбүр 119:105 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Осы зәбүр жырын жазған адам Құдай Сөзі жайында не деген?

  • Неге бұлай айтқан деп ойлайсыз?

4. Киелі жазбалар сұрақтарымызға жауап береді

Бір әйел өзін ұзақ жылдар бойы толғандырып келген сұрақтарына Киелі жазбалардан жауап тапқан. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі әйелді қандай сұрақтар мазалаған?

  • Ол Киелі кітап зерттеудің қандай пайдасын көрді?

Киелі жазбалар бізді сұрақтар қоюға шақырады. Матай 7:7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Киелі жазбалардан қай сұрақтарға жауап алғыңыз келеді?

5. Киелі жазбаларды оқу сізге де ұнайды

Киелі жазбаларды оқу көп адамға ұнайды. Олар оның пайдасын көріп жүр. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына екі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі жастарға кітап оқу ұнаған ба?

  • Қазір олар Киелі кітап оқығанды неге жақсы көреді?

Киелі кітаптағы сөздер бізге жұбаныш пен үміт сыйлайды. Римдіктерге 15:4 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Киелі кітаптан жұбаныш тауып, үмітке ие болғыңыз келе ме?

6. Өзгелер сізге көмектесе алады

Көп адам Киелі жазбаларды өз беттерінше оқумен қатар, оны өзгелермен бірге талқылаудың тиімді екенін көрген. Елшілердің істері 8:26—31 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

Бір эфиопиялық кісіге Жазбаларды түсіну үшін көмек қажет болды. Қазір де көбісі Киелі жазбаларды өзгелермен талқылаудың пайдалы екенін көруде

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Киелі жазбалар ескірген кітап емес пе, оны оқудың пайдасы бар ма?”

  • Сіз бұған не дер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Киелі жазбаларда күнделікті өмірге қажетті ақыл-кеңестер бар, ол маңызды сұрақтарға жауап береді және адамдарға жұбаныш пен үміт сыйлайды.

Қайталау

  • Киелі жазбаларда қандай кеңестер бар?

  • Киелі жазбаларда қандай сұрақтардың жауабы бар?

  • Сіз Киелі жазбалардан не білгіңіз келеді?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Киелі кітаптағы ақыл-кеңестердің бүгінде қандай пайдасы бар екенін оқып біліңіз.

“Киелі кітаптың уақытқа бағынбас даналығы” (“Күзет мұнарасы” №1, 2018)

Бала кезінен жаман сезімдермен күрескен бір ер кісіге Киелі кітаптың қалай көмектескенін көріңіз.

“Бақытқа толы жаңа өмірім басталды” (2:53)

Киелі жазбалардың отбасылық өмірге берер кеңестерін саралап көріңіз.

“Отбасы жарасымының 12 құпиясы” (“Ояныңдар!” №2, 2018)

Киелі кітап дүниені шын мәнінде кім билеп отырғанына қатысты кең тараған қате түсінікті қалай түзететінін біліңіз.

“Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” (толық нұсқасы) (3:14)

^ Бұл жазбалар Тәурат, Зәбүр, Інжіл деп те белгілі.