Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӨТІНІШТЕРІМІЗ ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНА МА?

Неге Құдай өзіне дұға еткенімізді қалайды?

Неге Құдай өзіне дұға еткенімізді қалайды?

Құдай өзімен достық қарым-қатынаста болғанымызды қалайды.

Достар бір-бірімен араласу арқылы қарым-қатынастарын нығайтады. Сол сияқты, Құдай бізді өзіне дұға етуге шақырумен өзімен достық қарым-қатынаста болуға жол ашуда. Ол өз Сөзінде былай дейді: “Сендер мені шақырасыңдар, маған келіп, дұға етесіңдер, сонда тыңдайтын боламын” (Еремия 29:12). Дұғада Құдайға сөйлегенде, яғни өтініш-тілектерімізді білдіргенде Құдайға жақындаймыз, ал ол өз кезегінде бізге жақындайды (Жақып 4:8). Киелі жазбаларда: “Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында”,— деген жанымызға жылу беретін сөздер бар (Зәбүр 145:18). Иә, Құдайға көбірек дұға еткен сайын, онымен қарым-қатынасымыз нығая түседі.

“Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында” (Зәбүр 145:18)

Құдай бізге көмектесуді қалайды.

Иса пайғамбар былай деген: “Араларыңдағы қандай адам нан сұраған баласына тас берер еді? Яки балық сұраса, жылан берер еді? Демек, сендер... балаларыңа жақсы сый беруді білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің өзінен сұрағандарға жақсы нәрсе беретіні еш шүбәсіз!” (Матай 7:9—11). Иә, Құдай “қамымызды ойлайтындықтан”, өзіне дұға етуге шақырып отыр (Петірдің 1-хаты 5:7). Ол уайымдатып жатқан барлық қиындықтарымызды өзіне айтуға шақырады. Киелі кітапта былай деп жазылған: “Еш нәрсені уайымдамаңдар, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер” (Філіпіліктерге 4:6).

Адамдар рухани мұқтаждықпен жаратылған.

Адам болмысын зерттейтін ғалымдардың байқауынша, жүздеген миллион адам дұға ету қажеттілігін сезінеді. Олардың ішінде тіпті атеистер мен агностиктер де бар *. Бұл жайт адам баласының тумасынан осындай қажеттілігі бар екенін көрсетеді. Иса пайғамбар: “Рухани мұқтаждығын мойындайтындар бақытты”,— деген (Матай 5:3 сілт.). Ал адам үшін өзінің рухани мұқтаждығын қанағаттандырудың бір жолы — үнемі Құдайға дұға ету.

Құдайға дұға ететін болсақ, мұның қандай пайдасын көреміз?

^ 8-абзац 2012 жылы “Пью” зерттеу орталығының мәлімдеуі бойынша, Құрама Штаттардағы атеистер мен агностиктердің 11 пайызы кем дегенде айына бір рет дұға етеді екен (“Pew Research Center”).