Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Құшағыңызды кең жайыңыз

Құшағыңызды кең жайыңыз

Шындық

Жанымыз жаратпайтын адамдардан қашқақтай берсек, алалаудың алауы өрши түседі. Өз айналамызды тек өзімізге ұқсайтын адамдармен ғана қоршасақ, онда біздің ғана сезінуіміз, түйсінуіміз дұрыс, тек біз ғана дұрыс әрекет етеміз деп санай бастауымыз мүмкін.

Киелі кітап қағидасы

“Жүректеріңді айқара ашыңдар” (ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 2-ХАТ 6:13).

Қағиданың мәні. “Жүрек” деп адамның ішкі сезім-толғанысын, біреуге бауыр басуын айтады. Тек өзімізге ұқсайтын адамдарға бауыр бассақ, жүрегіміз ашылмай тар болып қалады. Бұған жеткізбес үшін, болмысы бөлек адамдармен де дос болуға ықыласты болайық.

Құшағыңыз кең болса, кем болмайсыз

Адаммен жақынырақ танысып көріңіз, сонда кейбір әрекеттері неге сіздікінен өзгеше екенін түсіне бастайсыз. Енді ол сіз үшін бөтен емес, өз адамыңыздай болып кетеді. Жаныңызға жақын адамға айналғандықтан, оның қуанышы мен қайғысы екеуіңізге ортақ болады.

Назаре есімді бір әйел шет елден көшіп келген иммигранттарды бір кездері жақтырмаушы еді. Ойын өзгертуге оған не әсер етті? Назаре былай дейді: “Мен олармен араластым, бірге жұмыс істедім. Маған кездескен иммигранттардың бәрі жұрт айтқандай жаман емес екеніне көзім жетті. Бір түсінгенім — түрлі мәдениеттің адамдарымен бір дос болып алсаң, ішіңдегі қатып қалған пікір талқандалады екен. Сөйтіп, оларды жақсы көріп, әрбіреуін дара тұлға деп бағалай бастайсың”.

Ойда болсын

Отаны басқа, нәсілі мен тілі басқа адамдармен араласудың амалын табыңыз:

  • өмірлері жайында айтып беруін сұраңыз;

  • тамаққа шақырыңыз;

  • өзі жайында айтып жатқанда мұқият тыңдап, өмірдегі құндылықтарын анықтап көріңіз.

Олардың мінезінің қалыптасуына қандай жағдайлар әсер еткенін түсінгенде, сол адамдарға деген құрметіңіз өседі.