Мазмұнға өту

Дүниежүзі бойынша қанша Ехоба куәгері бар?

Дүниежүзі бойынша қанша Ехоба куәгері бар?

2023 жылғы есеп

Дүниежүзі бойынша Ехоба куәгерлерінің саны

8 816 562

Қауымдар

118 177

Ехоба куәгерлері уағыздайтын елдер

239

Жалпы саны 2023

2023 ел және аумақ есебі

Ехоба куәгерлерінің санын қалай анықтайсыздар?

Біз тек ай сайын Құдай Патшалығы туралы белсенді уағыздайтын адамды Ехоба куәгерлерінің қатарына жатқызамыз (Матай 24:14). Бұл Куәгер ретінде шомылдыру рәсімінен өткен не одан әлі өтпеген, бірақ уағыздау қызметіне атсалысу үшін талаптарға сай келетін адам болуы мүмкін.

Куәгер болып саналу үшін адам садақа беруге міндетті ме?

Жоқ. Ехоба куәгері болу үшін де, не ұйымымызда белгілі бір мәртебелі міндет атқару үшін де адамнан садақа талап етілмейді (Елшілердің істері 8:18—20). Кімнің қанша садақа салып жатқаны қадағаланбайды. Әрбір Ехоба куәгері уағыз ісіне қанша уақыт пен қаражат жұмсайтынын жағдайына қарай өзі шешеді (Қорынттықтарға 2-хат 9:7).

Қанша адам уағыз ісіне қатысатынын қайдан білесіздер?

Ехоба куәгерлері әр айда жергілікті қауымға уағыз туралы есеп тапсырады. Есеп тапсыру-тапсырмау әркімнің өз еркінде.

Қауымның есебі саналып, бәрі жергілікті филиалға жіберіледі. Сосын жергілікті филиал өз елінің қорытынды есебін дүниежүзілік бас басқармамызға жібереді.

Әр қызмет жылының a соңында әр елдегі Куәгерлердің сол жылғы ең жоғарғы саны анықталады. Дүниежүзі бойынша қанша Ехоба куәгері бар екенін білу үшін барлық елдердің қорытынды сандары бірге есептеледі. Әр елдің егжей-тегжейлі есебі сайтымыздағы “Жер-жаһан” деп аталатын бөлімде жарияланады. Ертедегі Құдай қызметшілері қатарлары көбейгеніне қуанғандары сияқты, бұл есепті көріп, біз де қуанамыз (Елшілердің істері 2:41; 4:4; 15:3).

Қауымдарыңызбен араласатын, бірақ уағыздамайтын адамдарды есепке аласыздар ма?

Біз мұндай адамдарды, Куәгерлердің қатарына қоспасақ та, оларды кездесулерімізде құшақ жая қарсы аламыз. Олардың көбісі жыл сайынғы Исаның өлімін Еске алу кешіне қатысады. Сондықтан Куәгерлердің санын осы кешке қатысушылардың жалпы санынан алып тастасақ, Куәгер емес адамдардың санын шамамен анықтай аламыз. 2023 жылы Еске алу кешіне қатысушылардың жалпы саны 20 461 767 болған.

Көптеген адамдар кездесулерімізге қатыспаса да, ақысыз Киелі кітап зерттеу сабағының пайдасын көріп жүр. Біз 2023 жылдың ішінде ай сайын 7 281 212 Киелі кітапты зерттеу сабағын өткіздік. Бұл сабақтардың кейбіріне бір емес, бірнеше адам қатысты.

Неге үкіметтің есебі бойынша Куәгерлердің саны сіздікінен көп?

Мемлекеттік санақ мекемелері адамдар өзіндерін қай дінге жатқызатындары туралы сауалнама жүргізу арқылы дін ұстанушыларының санын анықтайды. Мысалы, АҚШ-тың санақ бюросы “адамдар өздерін қай дінге жатқызатындарын анықтауға тырысатындарын” мәлімдейді. Сондай-ақ олар бұл “мәліметтің нақты деректерге емес, жай адамдардың пікіріне негізделгенін” мойындайды. Ал біз болсақ, өзін Куәгермін деп атайтын адамды емес, уағыздайтын және бұл жөнінде есеп тапсыратын адамды ғана Куәгерлердің қатарына қосамыз.

a Біздің қызмет жылымыз 1 қыркүйектен басталып, 31 тамызда аяқталады. Мысалы, 2015 қызмет жылы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 тамызына дейін жалғасты.