Мазмұнға өту

Құпиялық саясаты

Құпиялық саясаты

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТЫМЫЗДЫ ҚОЛДАНУЫҢЫЗБЕН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ БІЗГЕ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ БЕРУІҢІЗБЕН БАРЛЫҚ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫНА ЖӘНЕ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРГЕ СӘЙКЕС МӘНЕРДЕ ЖӘНЕ МАҚСАТПЕН ҚОЛДАНУЫМЫЗҒА РҰҚСАТ БЕРЕСІЗ.

 ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚҰРМЕТТЕУ

Біз сіздің дербес деректеріңізді қорғауды және құрметтеуді өз міндетіміз деп санаймыз. Бұл “Саясат” сізден алынған не сіз берген кез келген деректерді осы сайтта қалай қолданатынымыздың негізі болып табылады. Біздің веб-сайтымызды қолданған кезіңізде біз кейбір мәліметтерді жинаймыз, сондай-ақ бұл мәліметті құпия түрде сақтауды және оны қалай қолданатынымыз жөнінде сізді хабардар етуді маңызды деп санаймыз. Сіз бізді дербес деректер болып табылатын мәліметпен қамтамасыз етуді таңдауыңыз мүмкін. Бұл “Саясатта” қолданылатын “Дербес деректер” деген термин аты-жөніңізді, электрондық поштаңыздың не кәдімгі поштаңыздың мекенжайын, телефон нөміріңізді не сіздің кім екеніңізді ашатын кез келген мәліметті білдіреді. Сайтымыздың жалпыға арналған беттерін қарау үшін дербес деректеріңізбен бөлісуге міндеті емессіз. “Веб-сайт” деген термин бұл веб-сайтты, сондай-ақ біздің apps.pr418.com, tv.pr418.com, stream.pr418.com және wol.pr418.com деген қосалқы сайттарымызды да білдіреді.

 ДЕРЕКТЕРДІ БАСҚАРУ

Бұл сайт Watchtower Bible and Tract Society of New York, Inc. (“Күзет мұнарасы”) қоғамына тиесілі. Нью-Йорктағы коммерциялық емес ұйым болып табылатын бұл қоғам Ехоба куәгерлерінің іс-шаралары мен Киелі кітаптық ағарту ісін қолдайды. Егер сіз өз еркіңізбен сайтта тіркелгі ашсаңыз, садақа жасасаңыз, тегін Киелі кітап зерттеу сабағына өтініш берсеңіз не дербес деректерді сұрайтын қандай да бір басқа әрекет жасасаңыз, бұл “Саясатты” қабылдайтыныңызды білдіресіз. Сондай-ақ деректеріңіздің Америка Құрама Штаттарында орналасқан серверлерде сақталуына, Күзет мұнарасы қоғамына және Ехоба куәгерлерін қолдайтын басқа қызметтес ұйымдарға өзіңіз өтінген әрекетті жасау үшін жеке деректеріңізді қажетінше жинауға, өңдеуге, жөнелтуге, сақтауға рұқсат бересіз. Бұл діни ұйым дүниежүзі бойынша әртүрлі жергілікті заңды тұлғалар арқылы қызметін атқарады. Деректерді қорғау мақсатында жергілікті қауымдар, филиалдар және сол сияқты тағы басқа Ехоба куәгерлерімен қызметтес ұйымдар жұмылдырылуы мүмкін.

Дербес деректеріңіз веб-сайтта жасаған әрекетіңізге қарай қолданылатын болады. Мысалы, қандай да бір мемлекеттің жергілікті заңды тұлғасына садақа жасасаңыз, аты-жөніңіз бен байланыс мәліметтеріңіз садақа жасау барысында көрсетілетін сол заңды тұлғаға жіберіледі. Тағы басқа жағдай, егер сіз Киелі кітап зерттеуге өтініш толтырсаңыз, аты-жөніңіз бен байланыс мәліметтеріңіз тапсырысыңызды орындайтын жергілікті филиал мен Ехоба куәгерлерінің қауымына жіберіледі.

Сіздің мемлекетіңізде деректерді қорғауға қатысты заңдар бар-жоғын білу үшін “Деректерді қорғау жөніндегі байланыс” бетін ашып қарауыңызға болады.

 ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰПИЯЛЫҚ

Біз сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі мен құпиялығын мұқият қадағалаймыз. Дербес мәліметіңізді рұқсатсыз әрі бұрыс қолданудан, оны таратудан, өзгертуден, заңға қайшы әдіспен жоюдан немесе абайсызда жоғалтудан сақтау үшін, ең соңғы үлгідегі деректерді сақтау қоймаларын және қауіпсіздік техникаларын қолданамыз. Жеке деректеріңізді өңдейтіндердің барлығы, оны өңдеуге қатысатын үшінші тұлғалар да, мәліметіңіздің құпиялығын құрметтеуге міндетті. Дербес деректеріңізді оларды жинаған мақсатымызға қол жеткізу үшін, я болмаса деректерге қатысты заң талаптарын не құжатты сақтауға қатысты талаптарды орындау үшін қажет болатын уақыт аралығында ғана сақтаймыз.

Сіздің дербес деректеріңізді тасымалдағанда, біз Transport Layer Security (TLS) сияқты шифрлау протоколдарын қолданамыз. Біз сізден келген құпия деректерді қорғау үшін, рұқсаты шектеулі компьютер жүйелерін пайдаланамыз. Бұл жүйелер күзетілетін, электрондық және процедуралық қауіпсіздік шаралары қолданылатын ғимараттарда тұрады. Деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеу үшін қауіпсіздік нормаларын қатаң ұстанамыз.

 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР

Егер сіз (өзіңіз тұратын мемлекеттің заңы бойынша) кәмелетке толмаған бола тұра, сайтымызда дербес деректеріңізбен бөліскіңіз келсе, ата-анаңыздың не заңды өкіліңіздің рұқсатын алуыңыз керек. Егер сіз ата-ана ретінде не заңды өкіл ретінде кәмелетке толмаған пайдаланушыға сайтымызда дербес деректерімен бөлісуіне рұқсат берсеңіз, бұл сіздің (кәмелетке толмаған пайдаланушының тарапынан) “Саясатымызбен” келісетініңізді білдіреді.

 ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР

Кейде сайтымыз біздің атымыздан қызмет көрсететін (мысалы, онлайн бланк толтыру) үшінші тұлғаның сайтына сілтейді. Үшінші тұлғаның сайтына кіргеніңізді браузеріңіздің мекенжай жолағынан және сайттың көрінісі өзгергенінен білесіз. Қызмет көрсететін үшінші тұлғаларды таңдағанда, біз олардың сайттарының құпиялық және қауіпсіздік саясатының біздікіне сәйкес келетіндігіне көз жеткіземіз, сосын мұны арагідік тексеріп тұрамыз. Алайда бұл үшінші тұлғалар біз бақылай алмайтын қосымшалармен және қызметтермен қамтамасыз етеді. Бұған бағдарламалау тәсілдері, қолдану шарттары, құпиялық саясаты мен негізгі шарттар жатады. Сол себептен сіздің сол қосымшалар мен қызметтерді осы сайтта қолданғаныңыз үшінші тұлғалардың орнатқан қызмет ету шарттары мен негізгі шарттарына бағынышты. Біз бұл шарттардың ең соңғы жаңартуларынан бейхабармыз, сондықтан үшінші тұлғалардың қызметтерін қолданбай тұрып, олармен танысып шығуды өтінеміз. Егер үшінші тұлғалардың саясаттарына қатысты сұрақтарыңыз болса, қажетті мәліметті солардың сайттарынан қарауыңызға болады.

Сіздің бұл веб-сайтта Google Maps қызметін қолданғаныңыз қазіргі “Google құпиялық саясатына” сай жүзеге асады. Google үшінші тұлға болғандықтан, біз олардың қосымшаларын, бағдарламалауын және “Қызмет ету шарттарын” бақылай алмаймыз. Сол себептен сіздің бұл веб-сайтта Google Maps қызметін қолданғаныңыз Google Maps/Google Earth қызметінің қосымша қызмет ету шарттарына бағынышты. Біз бұл шарттардың ең соңғы жаңартуларынан бейхабармыз, сондықтан қолданар алдында олармен танысып алуыңызды өтінеміз. Шарттарымен келіспесеңіз, Google Maps қызметін қолданбаңыз.

 САЯСАТТЫҢ ӨЗГЕРГЕНІН ХАБАРЛАУ

Біз веб-сайтымызға жаңа функциялар қосып, оның өзін және ондағы қызметтерді үнемі жақсартып тұрамыз. Осындай өзгерістер орын алатындықтан, сондай-ақ заң мен технология өзгеріп тұратындықтан, біздің деректерге байланысты саясатымыз да арагідік өзгеріп тұрады. Саясатымызды өзгерту қажет болғанда, сол өзгерістерді осы беттен көре аласыз, осылай біздің қандай мәлімет жинайтынымызды және оны қалай қолданатынымызды білесіз.

 БЕЛСЕНДІ СЦЕНАРИЙЛЕР (JAVASCRIPT)

Сайттың жұмысын жақсарту үшін сценарийлер қолданылады. Осы технологияның арқасында сайтымыз сіздің сұранысыңызға тез жауап бере алады. Сайт сценарийді сіздің компьютеріңізге бағдарламалық жасақтама орнату не ақпаратты рұқсат етілмеген жолмен жинау үшін қолданбайды.

Сайттағы кейбір бөлімдер дұрыс жұмыс істеу үшін браузер баптауларындағы белсенді сценарийлерге (JavaScript) рұқсат беру керек. Браузерлердің көбінде нақты бір сайттар үшін бұл функцияға рұқсат беруге не тыйым салуға мүмкіндік бар. Таңдап алынған сайттарда сценарийге қалай рұқсат беруге болатыны жөнінде браузерге берілген көмек құжаттарынан оқыңыз.