Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Military equipment: Anton Petrus/Moment via Getty Images; money: Wara1982/iStock via Getty Images Plus

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Триллиондаған шығын. Соғыстың нағыз құны қанша?

Триллиондаған шығын. Соғыстың нағыз құны қанша?

 Қазіргі уақытта соғысқа кеткен шығынның есебі жоқ.

  •   “Өткен жылы дүниежүзі бойынша үкіметтер соғыстарға 2,2 триллион АҚШ долларын жұмсады. Бұған дейін соғыстарға мұншалықты қыруар қаражат кетпеген” (“The Washington Post”, 13 ақпан, 2024).

 Бірақ соғысқа кетіп жатқан шығын тек ақша ғана емес. Мысалы, Украинадағы соғысты алайық.

  •   Сарбаздар. Кей деректерге сүйенсек, екі жыл бұрын басталған соғыста 500 000-нан астам сарбаз қаза тапты не жарақаттанды.

  •   Бейбіт тұрғындар. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, 28 000-нан аса адам көз жұмды немесе жарақат алды. Алайда БҰҰ-ның жоғары лауазымды бір шенеунігі: “Бұл соғыс нақты қанша адамның өмірін жалмап кеткенін анықтау мүмкін емес”,— деді a.

 Соғыстар мен қақтығыстар адамзатты азап астында қалдырды. Деректер былай дейді:

  •   114 миллион. 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәліметке сай, осыншама адам соғыстың кесірінен босқынның күйін кешті.

  •   783 миллион. Бұл — созылмалы аштыққа ұшыраған адамдардың саны. “Аштықтың басты себебі әлі де қақтығыстар болып отыр. Себебі дүниедегі аш жүрген адамдардың 70 пайызы соғыс пен қатыгездік жайлаған жерлерде тұрады”,— деп мәлімдейді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы.

 Соғыстың бітетін түрі бар ма? Бір күні дүниеде бейбітшілік орнай ма? Қашан дүниенің бар байлығы соғысқа емес, аштық пен кедейшілікті жоюға жұмсалатын болады? Бұған қатысты Киелі жазбалар не дейтінін білейік.

Соғыстың заманы

 Киелі кітапта адамдарды қырғынға ұшырататын қарулы жанжалдар жер шары бойынша болатыны бұрында айтылып кеткен. Онда соғыс атқа мінген салт атты ретінде сипатталады.

  •   “Сонда оттай қызыл басқа ат шықты. Адамдар бір-бірін өлтіру үшін, атта отырғанға жер бетінен тыныштықты жою билігі беріліп, үлкен семсер табыс етілді” (Аян 6:4).

 Осы салт аттының артынан аштық пен өлімді бейнелейтін басқа екі салт атты ереді (Аян 6:5—8). Киелі кітаптағы осы аянның мәні қандай екенін және сол аянның біздің күндерімізге қандай қатысы бар екенін білу үшін “Атқа қонған төртеу: ол кімдер?” деген мақаланы оқып көріңіз.

Бейбіт заман

 Ілгері болашақта дүниенің байлығы соғыстарға кетпейтін болады. Сондай-ақ ешкім де жер бетіндегі тыныштықты бұза алмайды. Өйткені Киелі кітапта былай делінген:

  •   Құдай “күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады” (Зәбүр 46:9).

  •   Ол адамзатты соғыстың тигізген кесірінен толық азат етеді. “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды” (Аян 21:4).

  •   Құдай бізге мәңгіге созылатын тыныш заман сыйлайды. “Менің халқым тыныштық орнаған жерлерге қоныстанып, Қауіпсіз мекендерде және жайбарақаттық орнаған тынығатын жерлерде тұрады” (Ишая 32:18).

 Киелі кітаптың айтуынша, қазір болып жатқан соғыстар мен басқа да оқиғалар осы бейбіт заманның қол созым жерде екенін көрсетеді.

 Құдай қалай жер бетіне тыныштық орнатады? Бұны ол өзінің көктегі үкіметі, яғни Патшалығы арқылы жүзеге асырады (Матай 6:10). Бұл қандай Патшалық екенін және оның сізге қандай қатысы бар екенін білу үшін “Құдай Патшалығы деген не?” деп аталатын қысқа видеоны көріңіз.

a БҰҰ-ның Бас хатшысының Еуропа бойынша көмекшісі Мирослав Енча, 6 желтоқсан, 2023 жыл.