Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық

Бұл кітаптан жердің жаратылуы, Иса Мәсіхтің туылуы мен қызметі және Патшалықтың келуі жайында білесіз.

Басқарушы кеңестің хаты

Бұл кітапты қалай қолдану қажет?

1-ТАРАУ

Құдай аспан мен жерді жаратты

Киелі кітапта Құдайдың аспан мен жерді жаратқаны айтылған. Ол ең алғашқы періштені не үшін жаратты?

2-ТАРАУ

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратып, Едем бағына қоныстандырды. Құдай олардың балалы-шағалы болып, бүкіл жерді жұмаққа айналдырғанын қалады.

3-ТАРАУ

Адам ата мен Хауа ана Құдайдың тілін алмады

Едем бағындағы бір ағаш қай жағынан ерекше болды? Неге Хауа ана оның жемісін жеді?

4-ТАРАУ

Ол ашу үстінде адам өлтірді

Құдай Әбілдің сыйын қабыл алды, ал Қабылдікін қабыл алмады. Мұны білгенде, Қабыл қатты ашуланып, өте жаман іске барды.

5-ТАРАУ

Нұх кеме соқты

Жаман періштелер жердегі әйелдерге үйленгенде, олардан алып бұзақылар туды. Жерді қатыгездік жайлады. Бірақ Нұх өзгеше кісі болды: ол Құдайды жақсы көрді әрі оған мойынсұнды.

6-ТАРАУ

Сегіз адам аман қалды

Жаңбыр 40 күн, 40 түн бойы жауды. Нұх пен отбасы бір жылдан аса кемеде болды. Ақырында Құдай оларға кемеден шығуға рұқсат етті.

7-ТАРАУ

Бабыл мұнарасы

Адамдар қала және төбесі аспанға дейін жететін мұнара соқпақшы болды. Неге Құдай олардың тілін бір сәтте шатастырып жіберді?

8-ТАРАУ

Ыбырайым мен Сара Құдайдың тілін алды

Неге Ыбырайым мен Сара қаладағы өмірлерін тастап, Қанахан жерінде көшіп-қонып жүрді?

9-ТАРАУ

Көптен күткен бала

Құдай Ыбырайымға берген уәдесін қалай орындайды? Ол Ысқақ арқылы орындала ма, Ысмағұл арқылы ма?

10-ТАРАУ

Лұттың әйелі Құдайды тыңдамады

Құдай Содом мен Ғомора қалаларына от пен күкірт жаудырды. Ол бұл қалаларды неге жойды? Неге біз Лұттың әйелін есте ұстауымыз керек?

11-ТАРАУ

Ыбырайымның сенімі сыналды

Құдай Ыбырайымға: “Жалғыз ұлыңды ал да, Мория тауында оны маған арнап құрбандыққа шал”,— деді. Осылай сенімі сыналғанда, Ыбырайым не істеді?

12-ТАРАУ

Жақып мұраға ие болды

Ысқақ пен Рабиғаның Есау және Жақып деген егіз балалары болды. Есау тұңғыш бала болғандықтан ерекше мұра алу керек еді. Неге ол мұрасын бір табақ жасымық көжеге айырбастай салды?

13-ТАРАУ

Жақып пен Есау татуласты

Жақып періштенің батасын қалай алды? Ол ағасымен қалай татуласты?

14-ТАРАУ

Әрдайым Құдайдың тілін алған құл

Жүсіп еш жамандық жасамаса да, көп қиындық көрді. Не себептен?

15-ТАРАУ

Ехоба Жүсіпті ұмытпады

Үйінен алыс жүрген Жүсіпті Құдай тастамады.

16-ТАРАУ

Әйүп деген кім?

Әйүп қиын шақта да Ехобаға мойынсұнды.

17-ТАРАУ

Мұса Ехобаға қызмет етуді шешті

Тапқыр анасы кішкентай Мұсаны өлімнен аман алып қалды.

18-ТАРАУ

Жанса да, өртенбейтін бұта

Жанып тұрған бұта не себепті өртеніп кетпейді?

19-ТАРАУ

Алғашқы үш жаза

Өркөкірек перғауынның кесірінен бүкіл мысыр халқы жазаға ұшырады.

20-ТАРАУ

Келесі алты жаза

Бұл жазалардың алдыңғы үшеуінен қандай айырмашылығы болды?

21-ТАРАУ

Оныншы жаза

Оныншы жазаның ауыр болғаны сонша — өркөкірек перғауын ақырында райынан қайтты.

22-ТАРАУ

Қызыл теңізде болған керемет

Құдай он жаза жібергенде, перғауын аман қалды. Бірақ бұл кереметтен тірі қала ма?

23-ТАРАУ

Исраилдіктер Ехобаға уәде берді

Синай тауының етегіне қос тіккен исраилдіктер Ехобаға салтанатты түрде уәде берді.

24-ТАРАУ

Олар уәделерінде тұрмады

Мұса Он заңды алуға кеткенде, халық ауыр күнәға батты.

25-ТАРАУ

Ғибадат етуге арналған шатыр

Киелі шатырда келісім сандығы болды.

26-ТАРАУ

Он екі барлаушы

Ешуа мен Халеп Қанахан елін барлауға барған он кісіге ұқсамайтын.

27-ТАРАУ

Олар Ехобаға қарсы бүлік шығарды

Қорах, Датан, Әбирам және 250 кісі Ехобаға қатысты маңызды жайтты түсінбеді.

28-ТАРАУ

Балағамның есегі сөйледі

Балағам көре алмағанды есегі көрді.

29-ТАРАУ

Ехоба Ешуаны таңдады

Құдайдың Ешуаға берген нұсқаулары біз үшін де пайдалы.

30-ТАРАУ

Рахаб тыңшыларды жасырып қойды

Иерихонның қабырғалары қирап қалды. Бірақ қабырғада орналасқан Рахабтың үйі қираған жоқ.

31-ТАРАУ

Ешуа және гибеондықтар

Ешуа Құдайға дұға етіп: “Күн, кідіре тұр”,— деп сұрады. Ехоба оған жауап берді ме?

32-ТАРАУ

Жаңа басшы және екі батыл әйел

Ешуа қайтыс болған соң, исраилдіктер пұттарға табына бастады. Олардың бастарына ауыр күндер туды, бірақ Ехоба көмектесті. Ол мұны Барақ, Дебора пайғамбар және Жаел арқылы істеді.

33-ТАРАУ

Рут пен Нағима

Күйеулері қайтыс болған екі әйел Исраил еліне оралды. Рут егістікке масақ теруге барғанда, оны Бағоз байқады.

34-ТАРАУ

Гедеон мадияндықтарды жеңді

Мадияндықтардан қысым көргенде, Исраил халқы Ехобадан көмек сұрап жалбарынды. Гедеонның шағын әскері жаудың 135 000 сарбазын қалай жеңді?

35-ТАРАУ

Ханна ұл бала сұрап дұға етті

Елқана әйелдері Ханна мен Пәнананы және бала-шағасын Шилодағы киелі шатырға ғибадат етуге апаратын. Сол жерде Ханна ұл бала сұрап дұға етті. Уақыт өте Самуил туылды.

36-ТАРАУ

Ефтаның уәдесі

Ефта қандай уәде берді және не үшін? Ефтаның қызы әкесінің берген уәдесін қалай қабылдады?

37-ТАРАУ

Ехоба Самуилмен сөйлесті

Бас діни қызметкер Елидің екі ұлы киелі шатырда қызмет еткен. Бірақ олар Ехобаның заңдарын орындамады. Жас Самуил оларға еліктеген жоқ. Бір күні онымен Ехоба сөйлесті.

38-ТАРАУ

Ехоба Самсонға күш берді

Құдай Самсонға філістірлерді жеңетін күш берді. Бірақ Самсон жаман шешім жасағанның кесірінен жаулары оны тұтқынға алды.

39-ТАРАУ

Исраилдің алғашқы патшасы

Ехоба исраилдіктерге жөн сілтеп отыратын билер берді, бірақ олар патшаларының болғанын қалады. Самуил Исраилдің алғашқы патшасы етіп Саулға май жағу рәсімін жасады. Алайда кейін Ехоба одан бас тартты. Мұның себебі неде?

40-ТАРАУ

Дәуіт пен Ғолият

Ехоба Дәуітті Исраилдің келесі патшасы етіп таңдады. Дәуіт мұның дұрыс таңдау екенін дәлелдеді.

41-ТАРАУ

Дәуіт пен Саул

Неге бұл адамдардың бірі екіншісін жек көрді? Бірақ жеккөрінішті болған адам не істеді?

42-ТАРАУ

Батыл әрі адал Жонатан

Патшаның ұлы Дәуіттің жақын досы болды.

43-ТАРАУ

Дәуіт патшаның күнәсі

Бұрыс шешімнің арты көп қиындыққа ұласады.

44-ТАРАУ

Ехобаға арналған ғибадатхана

Ехоба Сүлеймен патшаның өтінішін қабыл алды және оған мәртебелі істер тапсырды.

45-ТАРАУ

Патшалық екіге бөлінді

Көптеген исраилдіктер Ехобаға қызмет етуді қойды.

46-ТАРАУ

Ехоба өзінің шынайы Құдай екенін көрсетті

Шынайы Құдай кім? Ехоба ма, әлде Бағал ма?

47-ТАРАУ

Ехоба Ілиясты нығайтты

Қалай ойлайсың, ол сені де нығайта ма?

48-ТАРАУ

Жесір әйелдің ұлы қайта тірілді

Бір үйде болған екі таңғажайып оқиға.

49-ТАРАУ

Жазасын алған зұлым патшайым

Езабел Набутайдың жүзімдігін тартып алу үшін оны өлтіруді ойластырды! Ехоба Құдай оның зұлымдығын жазасыз қалдырмады.

50-ТАРАУ

Ехоба Жосафатты қорғап қалды

Яһуда еліне жаулары қауіп төндіргенде, Жосафат деген жақсы патша Құдайға дұға етті.

51-ТАРАУ

Жауынгер мен кішкентай қыз

Кішкентай исраилдік қыз қожайын әйелге Ехобаның құдіреті жайлы айтып беріп еді, нәтижесі керемет болды.

52-ТАРАУ

Ехобаның оттай жалындаған әскері

“Біздің жағымыздағылар олардың жағындағылардан әлдеқайда көп” деген сөздердің растығына Елішенің қызметшісінің көзі жетті.

53-ТАРАУ

Еходай батыл әрекет етті

Сенімі зор діни қызметкер зұлым патшайымға қарсы тұрды.

54-ТАРАУ

Ехоба Жүніске шыдамдылық танытты

Құдайдың пайғамбарын қалайша үлкен балық жұтып қойды? Ол балықтың ішінен қалай шықты? Ехоба өзінің пайғамбарын не нәрсеге үйретті?

55-ТАРАУ

Ехобаның періштесі Езекияны қорғады

Яһуданың жаулары Ехоба өз халқын қорғай алмайды десті. Бірақ олар қатты қателесті!

56-ТАРАУ

Жосия Құдайдың Заңын жақсы көрді

Жосия сегіз жасында патша болды. Ол халыққа Ехобаға ғибадат етуге көмектесті.

57-ТАРАУ

Ехоба Еремияға уағыздауды тапсырды

Еремияның айтқан хабары Яһуда ақсақалдарын қатты ашуландырды.

58-ТАРАУ

Иерусалим жойылды

Яһуда халқы жалған құдайларға табына бергені үшін Ехоба олардан бас тартты.

59-ТАРАУ

Ехобаға мойынсұнған төрт бозбала

Яһуди халқынан шыққан бозбалалар Бабылдағы Навуходоносордың сарайында да Ехобаға адал болып қалуды шешті.

60-ТАРАУ

Мәңгі тұратын Патшалық

Даниял Навуходоносор көрген түстің мәнін ашып берді.

61-ТАРАУ

Олар мүсінге табынбады

Шадырақ, Мисақ, Әбдінего Бабыл патшасының алтын мүсініне табынудан бас тартты.

62-ТАРАУ

Зәулім ағашқа ұқсаған патшалық

Навуходоносор түсінде өзінің болашағын көрді.

63-ТАРАУ

Қабырғадағы жазу

Қабырғадағы жазу қай кезде пайда болды және ол нені білдірді?

64-ТАРАУ

Даниял арыстандардың апанына тасталды

Даниял сияқты, Ехобаға күніге дұға ет!

65-ТАРАУ

Естер өз халқын құтқарып қалды

Жатжерлік жетім қыз патшайым болды.

66-ТАРАУ

Езра халыққа Құдай Заңын үйретті

Исраилдіктер Езраны тыңдаған соң, Құдайға ерекше уәде берді.

67-ТАРАУ

Иерусалимнің қабырғалары

Нехемия жауларының шабуыл жасамақшы екенін біліп қойды. Ол неге олардан қорыққан жоқ?

68-ТАРАУ

Елізабет ұл туды

Неге Елізабеттің күйеуі сәби туылғанша сөйлей алмай жүрді?

69-ТАРАУ

Жәбірейіл періште Мәриямға келді

Ол айтып келген хабар Мәриямның өмірін түбегейлі өзгертті.

70-ТАРАУ

Періштелер Исаның туылғанын хабарлады

Хабарды естіген қойшылар дереу әрекет етті.

71-ТАРАУ

Ехоба Исаны қорғады

Зұлым патша Исаны өлтіруді қалады.

72-ТАРАУ

Исаның жасөспірім шағы

Ғибадатханадағы ұстаздар неге Исаға қайран қалды?

73-ТАРАУ

Жақия Мәсіхке жол дайындады

Жақия ер жетіп, пайғамбар болды. Ол Мәсіхтің келе жатқаны туралы уағыздады. Оның хабарын халық қалай қабылдады?

74-ТАРАУ

Исаның Мәсіх болуы

Жақия не үшін Исаны Құдайдың Тоқтысы деп атады?

75-ТАРАУ

Шайтан Исаны сынады

Шайтан Исаны үш рет сынады. Ол қандай үш сынақ болды? Иса Шайтанға не деп жауап берді?

76-ТАРАУ

Иса ғибадатхананы тазартты

Не үшін Иса малдарды ғибадатханадан қуып, ақша айырбастаушылардың үстелдерін төңкеріп тастады?

77-ТАРАУ

Құдық басындағы әйел

Жақып құдығының басында Иса самариялық әйелге сөйлеген кезде, ол таңғалды. Иса оған әлі ешкімге айтпаған бір нәрсені айтты.

78-ТАРАУ

Иса Патшалық туралы уағыздады

Иса кейбір шәкірттерін “адам аулаушы” болуға шақырды. Кейін ол 70 ізбасарына ізгі хабарды уағыздауды үйретті.

79-ТАРАУ

Иса көптеген кереметтер жасады

Ол жүрген жерлердің бәрінде адамдар айыққысы келіп, одан көмек сұрап жатты. Иса олардың барлығын айықтырды. Ол тіпті қайтыс болған кішкентай қызды қайта тірілтті.

80-ТАРАУ

Иса он екі елшісін таңдады

Иса оларды не үшін таңдап алды? Олардың есімдерін білесің бе?

81-ТАРАУ

Исаның таудағы уағызы

Иса жиналған қалың жұртқа құнды кеңестер берді.

82-ТАРАУ

Иса шәкірттеріне дұға етуді үйретті

Шәкірттеріне “сұрай беріңдер” дегенде, Иса не туралы айтқан?

83-ТАРАУ

Иса мыңдаған адамды тамақтандырды

Бұл кереметтен Иса мен Ехоба туралы не білеміз?

84-ТАРАУ

Иса су бетімен жүрді

Болған кереметті көрген кезде, елшілер не сезінгенін елестетіп көрші.

85-ТАРАУ

Иса Демалыс күні ауруды сауықтырды

Бірақ неге бұл кейбіреулерге ұнамады?

86-ТАРАУ

Иса Елазарды тірілтті

Иса Мәриямның жылағанын көргенде, өзі де жылап жіберді. Бірақ олардың қайғысы қуанышқа ұласты.

87-ТАРАУ

Иса Құтқарылу мейрамын соңғы рет атап өтті

Иса елшілерімен бірге соңғы рет Құтқарылу мейрамын тойлағанда, оларға маңызды нұсқаулар берді.

88-ТАРАУ

Иса тұтқындалды

Яһуда Исқариот Исаны ұстап беру үшін, қолдарына қылыш пен сойыл ұстаған бір топ сарбазды Гетсимани бағына ертіп келді.

89-ТАРАУ

Петір Исаны танитынын мойындамады

Қаяпаның үйіндегі ішкі аулада қандай жағдай болды? Ал үйдің ішінде Исамен не болды?

90-ТАРАУ

Иса Голготада өлді

Неге Пилат Исаны өлтіруді бұйырды?

91-ТАРАУ

Иса қайта тірілді

Иса өлтірілгеннен кейін қандай таңғажайып оқиғалар болды?

92-ТАРАУ

Иса балықшыларға көрінді

Елшілері тану үшін ол не істеді?

93-ТАРАУ

Иса көкке көтерілді

Иса көкке көтерілмес бұрын шәкірттеріне маңызды бір бұйрық берді.

94-ТАРАУ

Шәкірттерге киелі рух қонды

Киелі рух оларға керемет түрде қандай қабілет дарытты?

95-ТАРАУ

Оларды ештеңе тоқтатпады

Исаны өлтірген дінбасылар оның шәкірттеріне уағыздауға тыйым салуға тырысты. Бірақ олардың дегендері болмады.

96-ТАРАУ

Иса Саулды таңдады

Саул мәсіхшілердің қас жауы болды. Бірақ кейін ол өзгерді.

97-ТАРАУ

Корнелге киелі рух қонды

Неге Ехоба Петірді яһуди емес адамның үйіне жіберді?

98-ТАРАУ

Мәсіхшілік көп халыққа тарады

Елші Пауыл мен миссионер серіктестері шалғай жерлерде уағыздау ісіне кірісті.

99-ТАРАУ

Түрме бастығы Ехоба жайлы білді

Пауыл мен Сыйлас не үшін түрмеге тасталды? Түрме бастығы Ехоба жайлы қалай білді?

100-ТАРАУ

Пауыл мен Тімөте

Екеуі қызметте көп жыл бірге еңбектеніп, жақын дос болды.

101-ТАРАУ

Пауыл Римге жіберілді

Теңізде талай қиындыққа кезіксе де, елші еш тайсалмады.

102-ТАРАУ

Жохан аян көрді

Иса оған болашақта не болатынын көрсету үшін бірқатар аян берді.

103-ТАРАУ

“Сенің Патшалығың келсін!”

Жоханның алған аянында Құдай Патшалығының жердегі өмірді қалай өзгертетіні көрсетілген.