Жастарды қызықтыратын 10 сұрақ

Қиындықтарыңмен күресуге көмектесетін тиімді ақыл-кеңестерге назар сал.

1-СҰРАҚ

Мен қандай адаммын?

Өмірлік ұстанымдарыңды, мықты әрі осал жақтарыңды, мақсаттарыңды өзің үшін анықтап алсаң, қысымға беріліп қалмай, дұрыс шешім қабылдай аласың.

2-СҰРАҚ

Сырт көрінісіме неге көңілім толмайды?

Айнаға қарағанда, сырт келбетіңе көңілің толмай ма? Қандай ақылға қонымды өзгерістер жасай аласың?

3-СҰРАҚ

Ата-анаммен қалай тіл табыссам болады?

Ата-анаңмен тіл табысуға көмектесетін бірер кеңеске назар аударуға шақырамыз.

4-СҰРАҚ

Қателіктерімді қалай түзесем болады?

Ерте ме, кеш пе, бәріміз де қателік жасаймыз. Сондай жағдайда не істеуге болады?

5-СҰРАҚ

Мектепте бұзақылар тиіссе, не істесем болады?

Сен дәрменсіз емессің. Бұзақыларды жұдырықсыз-ақ жеңе аласың.

6-СҰРАҚ

Мектептегі қысымға қалай төтеп берсем болады?

Қысымға қарсы тұрып, дұрыс нәрсені істеу кейде оңай болмайды.

7-СҰРАҚ

Мені жыныстық қатынасқа көндіргісі келсе не істеймін?

Бір-біріне тым қатты жақындасып кеткен жастар мұның жаман салдарын көрген. Солардың кейбірін қарастырып көр.

8-СҰРАҚ

Жыныстық қорлық туралы нені білгенім жөн?

Әсіресе жастарға қауіп төніп тұр. Мұндай жағдайда не істеуіңе болады?

9-СҰРАҚ

Эволюцияға сенуім керек пе?

Қай тұжырым ақылға қонымдырақ?

10-СҰРАҚ

Киелі кітаптың маған қандай пайдасы бар?

Кейбіреулер Киелі кітапты аңыз-әңгімеге толы кітап, ескірген немесе түсінуге қиын деп жатады. Бұл шын мәнінде солай ма?