Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?

Ехоба куәгерлері дүниежүзінің әр бұрышында бар. Бұл әртүрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін не біріктіреді?

Құдайдың еркі қандай?

Құдай өзінің еркі жайлы күллі адамзаттың естігенін қалайды. Оның еркі қандай? Бүгінде оның еркі жайлы кімдер айтып жүр?

САБАҚ 1

Ехоба куәгерлері деген кімдер?

Сіз қанша Ехоба куәгерін танисыз? Біз туралы шындығында не білесіз?

САБАҚ 2

Неге біз Ехоба куәгерлері деп аталамыз?

Ехоба куәгерлері деп аталатынымыздың үш себебі бар, солармен танысып көріңіз.

САБАҚ 3

Киелі кітап шындықтарының қайта жандануы

Киелі кітап ілімдерін дұрыс түсінетінімізге қалай көз жеткізе аламыз?

САБАҚ 4

Біз “Жаңа дүние аудармасын” не үшін басып шығардық?

Киелі кітаптың осы аудармасы несімен ерекше?

САБАҚ 5

Біздің қауым кездесулерімізге барсаңыз, не нәрсеге куә боласыз?

Біз Киелі кітапты оқып-зерттеу үшін және өзара жігерлену үшін бас қосып тұрамыз. Сізді бұл кездесулерде қуана қарсы аламыз.

САБАҚ 6

Бауырластарымызбен араласудың қандай пайдасы бар?

Құдай Сөзі мәсіхшілерді өзара бауырлас болуға шақырады. Осындай бауырластықтың әкелер жақсылығы жайлы біліңіз.

САБАҚ 7

Біздің кездесулеріміз қалай өтеді?

Біздің қауым кездесулерімізде не болатынын білгіңіз келген бе? Олай болса, ол жақта Киелі кітаптан қандай жақсы білім берілетінін біліп таңғалатыныңыз сөзсіз.

САБАҚ 8

Неге біз қауым кездесулеріне ұқыпты киініп барамыз?

Қалай киінетініміз Құдайға бәрібір ме? Киіну мен сәнденуге келгенде, қандай Киелі кітап принциптерін басшылыққа алатынымызды біліңіз.

САБАҚ 9

Қауым кездесуіне дайындалудың тиімді жолы қандай?

Қауым кездесулеріне алдын ала дайындалғаныңыз олардың барынша пайдасын көруге көмектеседі.

САБАҚ 10

Отбасылық ғибадат деген не?

Отбасылық ғибадаттың Құдайға жақындай түсуге және отбасыңызды берік етуге қалай көмектесетіні жайлы біліңіз.

САБАҚ 11

Неге біз үлкен жиындарда бас қосып тұрамыз?

Жыл сайын біз үш үлкен жиындарда бас қосамыз. Бұл жиындардың сіз үшін қандай пайдасы бар?

САБАҚ 12

Патшалық туралы хабарды уағыздау ісіміз қалай ұйымдасқан?

Біз Иса пайғамбардың жерде болған кезінде қалдырған үлгісіне еліктейміз. Біз қандай тәсілдермен уағыздайтынымыз жайлы біліңіз.

САБАҚ 13

Ізашар деген кім?

Кейбір Куәгерлер уағыздау ісіне ай сайын 30 не 50 сағат, я одан көп уақыт арнайды. Бұлай етуге оларды не талпындырады?

САБАҚ 14

Ізашарлар дәріс алатын қандай мектептер бар?

Құдай Патшалығы жайлы уағыздауға көп уақытын арнайтын ізашарларға қандай мектептер ұйымдастырылған?

САБАҚ 15

Ақсақалдар қауымда қандай қызмет атқарады?

Ақсақалдар — қауымда жетекшілік етуге тағайындалған рухани толысқан ер кісілер. Олар қандай игілікті іс атқарады?

САБАҚ 16

Қызмет көмекшілері қауымда қандай қызмет атқарады?

Қызмет көмекшілері қауымдағы іс-шаралардың үйлесімді атқарылуына үлес қосады. Олардың қызметі қалай барлығына пайдасын тигізетіні жайлы біліңіз.

САБАҚ 17

Аудандық бақылаушылар бізге қалай көмек көрсетеді?

Неге аудандық бақылаушылар Ехоба куәгерлерінің қауымын аралап тұрады? Олардың қауымдарды аралағаны қай жағынан пайдалы?

САБАҚ 18

Ауыр жағдайға тап болған бауырластарымызға қалай көмектесеміз?

Біз табиғи апаттан зардап шеккен бауырластарымызға тез арада көмектесуге асығамыз. Сондай-ақ оларға жұбаныш беретін рухани көмек ұсынамыз. Нақты қандай көмек ұсынатынымыз жайлы біліңіз.

САБАҚ 19

Адал да ақылды құл деген кім?

Иса пайғамбар рухани азықты уақтылы беріп тұратын “құлды” тағайындайтынын уәде еткен. Бұл шара қалай жүзеге асуда?

САБАҚ 20

Бүгінде Басқарушы кеңес қандай қызмет атқарады?

Бірінші ғасырда елшілер мен ақсақалдардан тұратын кішігірім топ мәсіхшілер қауымының басқарушы кеңесін құрайтын. Ал қазіргі кез жайлы не деуге болады?

САБАҚ 21

Бетел деген қандай жер?

Бетел — өте маңызды мақсатта қолданылатын ерекше жер. Онда кімдер қызмет атқаратыны жайлы оқып көріңіз.

САБАҚ 22

Филиалда қандай жұмыс атқарылады?

Филиалдарымыздың кез келгенін көрем деушілерге есік ашық. Бізге экскурсияға келіп кетіңіз!

САБАҚ 23

Біздің әдебиеттеріміз қалай жазылады және қалай аударылады?

Біздің әдебиеттер 1000-нан аса тілде шығады. Біз неге оларды аударуға сонша күш жұмсаймыз?

САБАҚ 24

Біздің дүниежүзілік ісіміз қалай қаржыландырылады?

Біздің ұйымның қаржыландырылуы қай жағынан басқа діндерден ерекшеленеді?

САБАҚ 25

Патшалық сарайлары қалай және не үшін соғылады?

Біздің Құдайға ғибадат ететін жерлеріміз неліктен Патшалық сарайы деп аталады? Қарапайым үлгідегі бұл ғимараттар қалай қауымның игілігіне жарап жатқаны жайлы біліңіз.

САБАҚ 26

Патшалық сарайын күтіп ұстауға қалай өз үлесімізді қоса аламыз?

Таза әрі күтіп ұсталатын Патшалық сарайы Құдайымызды даңққа бөлейді. Патшалық сарайын күтіп ұстау үшін не істеледі?

САБАҚ 27

Патшалық сарайындағы кітапхананы қалай пайдалануға болады?

Киелі кітап жайлы біліміңізді тереңдете түсу үшін біраз ізденіс жасағыңыз келер ме еді? Патшалық сарайындағы кітапханаға келіңіз!

САБАҚ 28

Біздің веб-сайтымыздан қандай мәлімет таба аласыз?

Сайтымыздан біз жөнінде және нанымдарымыз туралы біле аласыз. Сонымен қатар Киелі кітапқа қатысты сұрақтарыңыздың жауабын да таба аласыз.

Ехоба Құдайдың еркін орындағыңыз келе ме?

Ехоба Құдай сізді қатты жақсы көреді. Құдайдың ықыласына бөленуді қаласаңыз, күнделікті өміріңізде мұны қалай көрсете аласыз?