Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Барша жан аңсаған келешек

Барша жан аңсаған келешек

Сіз қандай болашақты аңсайсыз? Әрине, өзіміз де, жақындарымыз да бақытты, денсаулықтары мықты, алаңсыз, еш нәрседен тарықпай өмір сүрсе екен дейміз.

Тілеуін тілегенімен, болашаққа сеніммен қарайтындардан гөрі алаңдайтындар көбірек. Өйткені өмір мың құбылады. Алысқа бармай-ақ, COVID-19 пандемиясын алайық. Қоғамды шайқалтқан бұл індет адамдардың тұрмысының астан-кестенін шығарды, экономиканы құлдыратты, тіпті талайлардың өмірін жалмап кетті.

Осыны өз көзімен көріп жатқан адамдардың болашаққа неге алаңмен қарайтыны түсінікті-ақ. Тіршіліктің тұрақсыздығынан әбден діңкеленген адамзат қамсыз болашаққа қол жеткізудің жолдарын іздеуде. Мысалы, кейбіреулер тылсым күштерге жүгінеді. Олар астрологияға сенеді, жол ашатын ырым-жырымдар жасайды. Тағы біреулер білім қуып, байлық жинайды. Өйткені кемел келешектің кепілі осылар деп ойлайды. Ал тағы біреулер жақсы адам болсаң ғана жақсы өмір сүресің деген ойда.

Осылардың біреуі болса да сіз аңсаған болашақты бере ала ма? Соны білу үшін, мына сұрақтардың басын ашып алайық:

  • Келешегіміз не нәрсеге тәуелді?

  • Білім мен байлық кемел келешектің кепілі ме?

  • Жақсы болсаң, болашағың жарқын бола ма?

  • Кемел келешекке кепілдік бар ма?

Бұл тақырыптар осы журналда бар.