Мазмұнға өту

Мәсіхшілердің ағымдары неге сонша көп?

Мәсіхшілердің ағымдары неге сонша көп?

Киелі кітаптың жауабы

 Адамдар Иса пайғамбардың үйреткен тәлімдерін негізге алып, мәсіхшілердің (христиандардың) әртүрлі ағымдарын құрды. Алайда Киелі кітапта мәсіхшіліктің бір ғана шынайы жолы бар екені айтылған. Неге бұлай дейтініміздің үш себебін қарастырып көрейік:

  1.   Иса пайғамбар өзінің үйреткен тәлімдері “шындық” екенін айтқан және Киелі жазбаларда оның ізін қуған алғашқы мәсіхшілердің “шындық жолында жүргендері” жазылған (Жохан 8:32; Петірдің 2-хаты 2:2; Жоханның 2-хаты 4; Жоханның 3-хаты 3). Осыдан көрінетіндей, Иса пайғамбардың тәлімдеріне қайшы келетін ілімдерді ұстанатындарды шынайы мәсіхшілердің қатарына жатқыза алмаймыз.

  2.   Сондай-ақ Киелі кітапта мәсіхшілердің “айтқандары бір жерден шығу” керек екені айтылған (Қорынттықтарға 1-хат 1:10). Алайда ең негізгі деген діни ұстанымдарға келгенде, мысалы “мәсіхші қандай болу керек?” деген сияқты мәселеде, мәсіхшілердің көптеген ағымдарының ойлары бір жерден шықпайды. Ендеше солардың барлығы бірдей тура жолда деп айта аламыз ба? (Петірдің 1-хаты 2:21).

  3.   Бүгінде Иса пайғамбардың алдын ала айтып кеткен сөздері орындалып жатыр. Көп адам ауыздарымен “оның ізбасарларымыз” деп айтқанмен, өсиеттерін орындамайды. Сондықтан Иса пайғамбар олардан бас тартады (Матай 7:21—23; Лұқа 6:46). Сондай-ақ өз мақсаттарын көздеген дінбасылары шынайы ғибадатты арамдап, кейбіреулерді адастыруда (Матай 7:15). Ал басқалары Киелі жазбалардағы шындықтан гөрі, құлақтарына жағатын нәрселерді айтатын мәсіхші сымақтардың қатарына қосылуды жөн көреді (Тімөтеге 2-хат 4:3, 4).

 Бидай мен арамшөп жайлы астарлы әңгімесінде Иса пайғамбар жолдантаюшылықтың белең алатынын айтқан (Матай 13:24—30, 36—43). Осы астарлы әңгімеден көрінетіндей, ұзақ уақыт бойы шынайы мәсіхшілер мен жалған мәсіхшілердің арасындағы айырмашылық аса байқалмау керек-тін. Дәл Иса айтып кеткендей-ақ, елшілер дүниеден өткен соң, жолдантаюшылық кең етек алды (Елшілердің істері 20:29, 30). Ұстанатын нанымдарында қандай да бір айырмашылықтар болғанмен, мәсіхші сымақтардың қайсысы да “шындық жолынан тайғаны” анық (Тімөтеге 2-хат 2:18).

 Сондай-ақ Иса пайғамбар шынайы және жалған мәсіхшілердің айырмашылығы түбінде айқын болатынын да айтып кетті. Бұл біздің күндерімізде, “осы заманның ақырында”, орын алуда (Матай 13:30, 39).