Мазмұнға өту

Киелі кітап депрессияға түскендерге көмектесе ала ма?

Киелі кітап депрессияға түскендерге көмектесе ала ма?

Киелі кітаптың жауабы

 Иә. Өйткені “еңсесі түскендерді жұбататын” Құдай ғана ең жақсы көмек бере алады (Қорынттықтарға 2-хат 7:6).

Құдай депрессияға түскен адамдарға қалай көмектеседі?

  •   Күш. Құдай бізді “жұбатқанда” қиыншылықтарымызды алып тастамайды, бірақ ауыртпалықтарымызды көтеретін күш сұраған кезде дұғамызға жауап береді (Філіпіліктерге 4:13). Құдайдың дұғаларымызды тыңдауға әзір екені Киелі жазбалардың келесі сөздерінен көрінеді: “Жүрегі жаралы жанға Ехоба [Құдай] жақын тұрады, Сағы сынғандарды құтқарады” (Зәбүр 34:18). Ішкі күйімізді сөзбен айтып жеткізе алмасақ та, Құдай біздің күрсіністерімізді естиді (Римдіктерге 8:26, 27).

  •   Үлгі аларлық адамдар. Құдай қызметшілерінің бірі былай деп сиынған: “Қатты қиналғанымда өзіңді шақырамын, уа, Ехоба”. Құдайдың күнәларды кешіруге әзір екенін ойлағаны оған жан күйзелісімен күресуге көмектесті. “Ехоба, егер сен күнәларымызды байқай берсең, Онда алдыңда кім тұра алады, уа, Ехоба? Бірақ адамдар сені қастерлеу үшін, Олардың күнәларын толықтай кешіресің”,— деді ол (Зәбүр 130:1, 3, 4).

  •   Үміт. Болашақта депрессияға түсіретін өмір ауыртпалықтары болмайтыны туралы Құдайдың уәдесі бізге қазірдің өзінде жұбаныш береді. Ол бұл уәдесін жүзеге асырғанда, “Бұрынғы жайттар [оның ішінде депрессия да] еске алынбайды, Жүрекке қаяу да түсірмейді” (Ишая 65:17).

 Ескертпе: Ехоба куәгерлері Құдайдың көмегі зор екенін мойындайды, алайда ауыр депрессияға ұшырағанда, медициналық көмекке де жүгінеді (Марқа 2:17). Біз белгілі бір ем түрін жарнамаламаймыз. Қандай ем түрін пайдаланатынын әр адам өзі шешуі тиіс.