Мазмұнға өту

Шалғай ауылмен байланыстырған таксофон

Шалғай ауылмен байланыстырған таксофон

 Бразилияда Даяни есімді Ехоба куәгері тұрады, ол уақытының көп бөлігін уағыздауға жұмсайды. Бір күні телефон арқылы уағыздап жатып, ол бір жас жұбайлармен сөйлесіп қалады. Олар қызығушылық танытады, бірақ электр қуаты да, интернет те жоқ шалғай бір ауылға көшіп бара жатқандарын айтады. Ол жақта Ехоба куәгерлері де жоқ екен. Киелі кітап жайлы әңгімелерін жалғастыра алу үшін жаңағы ерлі-зайыпты ауылдағы таксофонның нөмірін береді. Сөйтіп олар хабарласатын күн мен уақытты келісіп алады.

 Келісілген уақытта Даяни таксофонға қоңырау шалғанда, ерлі-зайыпты оған жауап береді! Екі апта бойы олар Даянимен бірнеше рет телефон арқылы Киелі кітап жайлы әңгімелеседі.

 Бірақ кейін олар Даянидің қоңырауларына жауап бермей кетеді. Десе де Даяни аптасына үш рет таксофонға хабарласа береді, сөйтіп телефонды көтерген адамдармен Киелі кітап жайлы сөйлеседі. Осылай ол ауылдағы бірнеше адаммен Киелі кітап зерттеу сабағын бастайды.

 Бір күні Даяни күйеуімен бірге таксофон арқылы бір жігітпен зерттеу сабағын өтіп жатқанда, олардың әңгімесін сол ауылдың пасторы естіп қалады. Олар не туралы әңгімелесіп жатқанын жақсырақ есту үшін, жігіттің қасына келіп тұрады. Пастор Даяни мен оның күйеуімен сөйлесуді сұрайды. Олардан естігені құлағына майдай жағып, Киелі кітап зерттеу сабағын өткісі келетінін айтады!

 Даяни мен күйеуі осы пастормен қосқанда, алты кісімен таксофон арқылы зерттеу сабағын бастайды. Олардың кейбірі таксофон арқылы тіпті қауым кездесулеріне қатысады. Зерттеушілердің бірі зерттеу сабағын өту ыңғайлы болу үшін таксофонның қасына орындық жасап қояды.

 Даяни мен күйеуі Патшалық жайлы ізгі хабарды осындай алыс ауылдарға жеткізуге мүмкіндіктері болғанына өте риза. “Ехоба ізгі хабарды кез келген адам ести алу үшін, тіпті ол шалғай ауылда тұрса да, жағдай жасай алады”,— дейді Даяни.