Мазмұнға өту

Олар көмекке келді

Олар көмекке келді

Бұл жағдай Канаданың Альберта провинциясында қыстың боранды күні болды. Боб есімді кісі микроавтобуспен сағатына 100 шақырымдай жылдамдықпен жүріп келе жатқанда, артқы сол жақ дөңгелегі жарылып қалады. Бірақ ол мұны байқамай, әрі қарай жүре береді. Ал үйіне дейін әлі бес шақырым бар еді.

Әрі қарай не болғанын Боб жергілікті Ехоба куәгерлерінің Патшалық сарайына жазған хатында айтып берді. Ол былай деп жазды: “Жүріп бара жатқанымда бір көлік жақын келіп, терезесін ашты. Онда 5 адам отыр екен, бесеуі де жастар. Олар маған көлігімнің дөңгелегі жарылғанын айтты. Содан біз жолдың шетіне тоқтадық. Олар маған дөңгелекті ауыстырып беруді ұсынды. Бірақ мен көлігімде қосымша дөңгелек пен көтергіштің бар-жоғын білмедім. Жолдың шетінде мүгедек арбасында отырғанымда, олар көліктің астына кіріп, қосымша дөңгелек пен көтергішті алып шықты. Сөйтіп, олар маған дөңгелекті ауыстырып берді. Дала қақаған аяз, қар ұйытқып тұрды. Олар әп-әдемі киініп алса да, дөңгелегімді ауыстырып берді. Соның арқасында мен қайтадан жолға шықтым. Олар болмағанда, дөңгелегімді өзім ауыстыра алмас едім.

Маған жәрдемдескен осы бес Куәгер балаға алғысым шексіз. Олар уағыз айту үшін сол жақтағы адамдардың үйіне бара жатқан екен. Расында да, олардың істері сөздеріне сай келеді. Егер олар көмектеспегенде, мен өте қиын жағдайда қалар едім. Сондықтан оларға өте ризамын. Сол күні жолда осындай “періштелерді” кездестіремін деп кім ойлаған?!”