Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлерінің ісі қалай қаржыландырылады?

Ехоба куәгерлерінің ісі қалай қаржыландырылады?

 Біздің дүниежүзілік іс-шарамыз негізінен Ехоба куәгерлерінің ерікті садақасымен қаржыландырылады a. Біз жиналатын жерлерде садақа салатын жәшіктер орнатылған. Садақаны сондай-ақ басқа жолдармен салуға болады, бұл жайында мәлімет “Садақа” деген бетте жазылған. Сол парақшада таңдау берілген: кез келген адам садақаны дүниежүзілік іске я жергілікті шығандарды жабуға, болмаса екеуіне бірдей садақа жасай алады.

 Ехоба куәгерлерінен оннан бір бөлікті, белгілі бір соманы я табыстарының бір бөлігін беру талап етілмейді (Қорынттықтарға 2-хат 9:7). Біздің жиындарда ешқандай ақша жиналмайды, кіру тегін. Содай-ақ шомылдыру рәсімінен өткізгені үшін, жерлеу рәсімінде, үйлену тойында я басқа жағдайларда діни рәсімдер жасағаны үшін ақша сұрамайды. Ақша жинау үшін нан-тоқаш өнімдерін сатпаймыз, жәрмеңке, ұтыс ойындарын, фестивальдар мен түскі астар ұйымдастырмаймыз. Ешкімнен садақаны тілеп алмаймыз. Садақа берушілердің аттарын жария етпейміз (Матай 6:2—4). Біздің сайтымыз бен әдебиеттеріміз ақша үшін еш нәрсені жарнамаламайды.

 Ехоба куәгерлерінің әр қауымы ай сайын қаржыға байланысты есеп береді. Бұл кездесулерге қалаған адам келе алады. Садақа орнымен пайдаланып жатқанына көз жеткізу үшін, әр қауымның қаржы есебі жүйелі түрде тексеріліп отырады (Қорынттықтарға 2-хат 8:20, 21).

Садақа беру жолдары

  •   Садақа жәшіктері. Сіз ерікті садақаңызды Патшалық сарайында, Конгресс сарайларында я кездесулеріміз өтетін ғимараттарда арнайы орнатылған жәшіктерге сала аласыз.

  •   Онлайн садақа. Көп елде “Ехоба куәгерлеріне садақа жасау” деген парақшаға кіріп, банк карточкасы арқылы, банк арқылы я басқа да электронды жолмен садақа салуға болады b. Кейбір Ехоба куәгері ай сайын беретін соманы белгілеп, сайтымыздағы автоматты түрде садақа жасау функциясын қолданады (Қорынттықтарға 1-хат 16:2).

  •   Сыйға тарту. Кейбір садақа беру түрлерін пайдалану үшін алдын ала жоспарлау керек я заңгермен ақылдасу керек. Мұндай жоспар сізге өз еліңіздегі салық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік беруі мүмкін. Көп адам көз тірісінде беруге болатын сый-тарту я қайтыс болған соң қалдырылатын өсиет туралы көбірек мәлімет алудың көп пайдасын көрген. Сіз садақа ретінде мына нәрселерді бергіңіз келсе, Ехоба куәгерлерінің өз еліңіздегі филиалына хабарласыңыз:

    •   банктегі есепшот

    •   сақтандыру мен зейнетақы қоры

    •   жылжымайтын мүлік

    •   акциялар мен құнды қағаздар

    •   өсиет пен сенімхат

 Сіз тұратын жерде садақа жасаудың қай тәсілі қолжетімді екенін білу үшін “Ехоба куәгерлеріне садақа жасау” бетіне кіріңіз.

a Ехоба куәгерлерінен басқа да адамдар біздің ісімізге демеу көрсетіп, садақа жасай алады.

b Толығырақ ақпарат үшін “Сайтымыз арқылы қалай садақа жасауға болады?” деген роликті көрсеңіз болады.