Мазмұнға өту

Құдай Патшалығы деген не?

Құдай Патшалығы деген не?

Киелі кітаптың жауабы

 Құдай Патшалығы — Ехоба Құдай орнатқан шынайы үкімет. “Құдай Патшалығы” Киелі кітапта “Көк Патшалығы” деп те аталады, өйткені көктен билік етеді (Марқа 1:14, 15; Матай 4:17). Құдайдың үкіметі көп жағынан адами үкіметтерге ұқсайды, бірақ олардың қай-қайсысынан да асып түседі.

  •   Билеушілері. Құдай осы Патшалықтың Патшасы етіп Иса Мәсіхті тағайындаған, әрі оған адамдардың билеушілерінің ешбірінде болмаған билікті берген (Матай 28:18). Иса бұл билікті тек жақсылыққа қолданады, себебі ол жер бетінде болған кезінде сенімді де жанашыр Басшы болатынын дәлелдеген (Матай 4:23; Марқа 1:40, 41; 6:31—34; Лұқа 7:11—17). Құдай Тағаланың нұсқауымен ол өзімен бірге көктен “жер бетіне билік жүргізсін” деп әртүрлі халықтан адамдарды таңдаған (Аян 5:9, 10).

  •   Билік ету мерзімі. Келетін де кететін адами үкіметтерден өзгешелігі — Құдай Патшалығы “ешқашан жойылмайды” (Даниял 2:44).

  •   Азаматтары. Жаратқан Иенің заң-талаптарын орындайтын әрбір адам, шыққан тегіне я туылған жеріне қарамай, Құдай үкіметінің азаматы бола алады (Елшілердің істері 10:34, 35).

  •   Заңдары. Құдай Патшалығының заңдары (не өсиеттері) дұрыс емес жүріс-тұрысқа тыйым салып қана қоймай, өз азаматтарының моральдық құндылықтарын жоғарылатады. Мысалы, Киелі кітапта былай жазылған: “Ехоба Құдайыңды бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!” Бірінші әрі ең басты заң — осы. Екіншісі де соған ұқсайды: “Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй” (Матай 22:37—39). Құдайға және адамдарға деген сүйіспеншілік Патшалықтың азаматтарын өзгелердің мүддесін ойлауға талпындырады.

  •   Білім беру жүйесі. Құдай Патшалығы өз азаматтарына жоғары нормалар орнатып қана қоймастан, соларға сай өмір сүруді де үйретеді (Ишая 48:17, 18).

  •   Мақсаты. Құдай Патшалығының билеушілері өз азаматтарының есебінен байып алуды көздемейді. Бұл үкімет Құдайдың қалауын жүзеге асырады. Соның ішінде Құдайды жақсы көретіндер жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүреді деген уәдесі де бар (Ишая 35:1, 5, 6; Матай 6:10; Аян 21:1—4).